Lyrics: М.Макатаев
Music: Н.Тилендиев
Жазира, жасыл кілем өрнектеген
Туған жерге, дариға, жер жетпеген Саржайлауым
Кең өлкем, әлдилей бер сен деп келем
Аңсап келем, сағынып, шөлдеп келем Саржайлауым!
Саумал бұлақ - балдай дәрім
Салқын самал - баурайларың
Саялаған, беу, туған жер
Сағындырған Саржайлауым
Армысың, ата-қоныс, жасыл мекен!
Ұланыңмын, мен сенің қасыңда өтем Саржайлауым
Басқаның жерұйығын неғыламын
Жерұйығы - өзімнің қасымда екең Саржайлауым!
Саумал бұлақ - балдай дәрім
Салқын самал - баурайларың
Саялаған, беу, туған жер
Саумал бұлақ - балдай дәрім
Салқын самал - баурайларың
Саялаған, беу, туған жер
Сағындырған Саржайлауым!