Lyrics: Beiimbet Yedil/Anuar İusupov
Music: Beiimbet Yedil
Отырмын мен жағада сені ойлап
Баяу ғана жылжыған суға қарап
Білемін мен енді саған жете алмаймын
Арманым осы сумен ағып барат
Кетсеңде көңілден, кетпейсің жүректен..
мен ұмыта алмадым, мен ұмыта алмадым.
Білесің өзіңде, үндемей жүріп мен,
сені сағынамын, сені сағынамын..
Саған арнап өмірімнің бар тізбегін,
жылдар өтті үмітімді мен үзбедім.
Қиялменен кейде алысқа ғана кетемін,
кеткім келеді кейде артыңнан үнсіз іздегім.
Не қылып бұл тағдырдың қатал ісіне,
өмірді біз білмедік пе терең түсіне.
Тағдыр бізді екі бөлек жолға сілтеді,
өз жолымда кете бардым, үнсуз күрсіне..
Кетсеңде көңілден, кетпейсің жүректен..
мен ұмыта алмадым, мен ұмыта алмадым.
Білесің өзіңде, үндемей жүріп мен,
сені сағынамын, сені сағынамын.