Ansarym

Lyrics: Айсауыт Марат Music: Айсауыт Марат Сені іздеп күнім жиекке жығылады, Қызыл да жасыл дүние құбылады. Жанарыма кеп түйір жас тығылады. Сезімім тамшы әйнекке ұрылады, Сыңар аққудың сыңсиды сынық әні, Сол әнді, жаным, өзіңдей кім ұғады? Сағындырған күнім, Сені ойладым бүгін, Қайрылмастан рас па кеткенің? Сағындырған күнім, Сені ойладым бүгін, Сағым болған менің көктемім… Алло, періштем, шаршадым мен бұл көріністен, Сезбегем бұлай мен сезімін көптен сағыныштың. Тағы ұштың хабарсыз, Қалдырдың тағы да жауапсыз. Алло, аңсарым, жазылады хабарламада айтарым: Сеніменен алмасады күнім мен түнім, Көгімде менің ай қалады, Айға лайық тағы да терезесінен көңілдің ай қарады. Байқамай сені ойлай зымырады уақыт тілі шексіз. Жарық күнім ең жылытқан бар ғаламды Жүр екенсің ау мекендеп қай қаланы?! Сағындырған күнім, Сені ойладым бүгін, Қайрылмастан рас па кеткенің? Сағындырған күнім, Сені ойладым бүгін, Сағым болған менің көктемім… Сағындырған күнім, Қайрылмастан рас па кеткенің? Сағындырған күнім, Сағым болған менің көктемім…