Lyrics: Adilhan Ulan
Music: Ilhan Ihsanov
Сенимен
Сенің жаныңда тыныш менің жүрегім,
Болшы менің жанымда мәңгі тірегім
Жағайықшы біздегі лаулаған пәк сезімді
Сенемін екеуміз салған із кетпейді
Байланысты менің әр күнім өзіңе,
Күліп қарағаның қосатын күш күнделікті тізімге
Сенімен әр күнім бақытқа тең,
Мүмкін емес табу жанды сендей
Қолыңды берші бар менде,
Саған деген сый, ол біздің үй
Мендік сезім текке емес жаным,
Бұл махаббат бекер емес жаным
Жолықтырды бізді,өмірдің өзі
Сақтап ал жүрегіңе бұл сөзімді
Қызықсыншы бізге қарап басқалар,
Ашылсыншы өмірімізге жаңа парақтар
Сол параққа төгілмесін қара сия,
Сен үшін болайын ойыңдағы қиял
Қажеті жоқ басқаның
Кімді күтіп кімнен жауап аласың,
Қорықпа алдыңда тұр саған ғашық
Қосайық екеуміздің жарты жүректі,
Бүтінге айналып соқсын енді біздікі