Senimenen

Music: Жаниса Мырзағалиева/Думан Дендеров Көп адамнан таптым сені Елемедің бірақ мені Қарай салсаң болмас па еді, Мөлдір көздер тосты нені? Сеніменен бірге болу Жазылмады тағдырыма, Өмірдегі сынақтарға Шыдауға да болмады ма? Шыдауға да болмады ма? Шыдауға да болмады ма? Оралдың әдемі кешінде Жолықтық қайта несіне Қап-қара смокинг үстіңде Жараса кеткен өзіңе... Қайтадан ғашық болдым ба Тағдырдың қалауы осы ма Сұрақтар неге көбейді Қиналғым менің келмейді Саябақта өткен күндер Ең бақытты екен сәттер Армандадық талай біздер Орындалмай қалды бекер Жайықтың жағалауы Дененмің жаурағаны Жалғыздық сезілгендей Түсінбейд жан қалауы Саған мен бастым бауыр Сондықтан маған ауыр Алыстадық біз неге Ойлаймын сені күнде Сеніменен бірге болу Жазылмады тағдырыма Өмірдегі сынақтарға Шыдауға да болмады ма? Шыдауға да болмады ма? Шыдауға да болмады ма? Сеніменен бірге болу Жазылмады тағдырыма Кезігетін сынақтарға Енді қарсы тұрамын ба?