Lyrics: Қабдылхакім Ақжан Нұрланұлы
Music: Қабдылхакім Ақжан Нұрланұлы
Ең алғаш танысқан шақ
Есімде табысқан сәт
Қасымда сен тұрғанда
Қайтейін алысты аңсап
Дүрия көйлек аппағым
Дүния кезіп тапқаным
Жан бітіртіп жайқалттың
Жанымның жапырақтарын
Өзгелерден өзгешем
Сенсіз бақыт сезбес ем
Сүйемін деп кім айтпас
Көзбен айтар сөзге сен
Түзейік бағыт қатар
Көрінбе болып қатал
Шығыстан шыққан күн де
Батысқа барып батар
Дүрия көйлек аппағым
Дүния кезіп тапқаным
Жан бітіртіп жайқалттың
Жанымның жапырақтарын
Өзгелерден өзгешем
Сенсіз бақыт сезбес ем
Сүйемін деп кім айтпас
Көзбен айтар сөзге сен
Төзімді құртып тынған
Сезімді іркіп тұрған
Көркіңе ақылың сай
Сол мені ынтық қылған
Дүрия көйлек аппағым
Дүния кезіп тапқаным
Жан бітіртіп жайқалттың
Жанымның жапырақтарын
Өзгелерден өзгешем
Сенсіз бақыт сезбес ем
Сүйемін деп кім айтпас
Көзбен айтар сөзге сен