Lyrics: Қуандық Ескелді Абдулмансұрұлы
Music: Қуандық Ескелді Абдулмансұрұлы
Сен болсаң жанымда жүрегім лапылдайды
Жаңбыр себелеседе күн тығылып тұрмайды
Ерекше сұлулық жылтырақ көйлексіз
Сені сүюге дайынмын ешбір себепсіз
Маған рұқсат бер, сен үшін жанайын
Алғашқың және соңғың болып қалайын
Маған рұқсат бер, қорғаның болайын
Жүрегіңнің ырғағы боп кеудеңде соғайын
Cенің қимылдарың қамажай,
Жүрсің ешкімге қарамай.
Жарасады тұрғаның еркелеп,
Сен киілмеген сәукеле.
Мүмкін емес саған қарап тою,
Басқан ізің ою (ою ою ою).
Сені көрмегендер бақытсыз ау бұл ғаламда,
Мен айналар едім құлағыңдағы сырғаларға.
Маған рұқсат бер, сен үшін жанайын
Алғашқың және соңғың болып қалайын
Маған рұқсат бер, қорғаның болайын
Жүрегіңнің ырғағы боп кеудеңде соғайын