Неткен қиын, неткен азап сүйген деген,
сүйгенді ойлап сағынышқа күйген деген.
Сені ойлап жүрегім жабырқайды,
ешқашан қйындыққа іійменбеген.
Сала алмай бойды аулаққа,
қараймын ылғый сен жаққа.
Теңіз боп толқыр көңілім,
сезімге куә сол шақта.
Сұлусың неткен, білмедім
жайқала өскен гүл медің?
Миымды торлап алғаны,
күндей боп жайнап күлгенің.
Сені ойлап мың күліп, мың жыладым,
көп аунақшып түндерде тыншымады.
Отқа түссем сен үшін обалым жоқ,
сен ғанасың сүйгенім, сенші жаным.
Сала алмай бойды аулаққа,
қараймын ылғый сен жаққа.
Теңіз боп толқыр көңілім,
сезімге куә сол шақта.
Сұлусың неткен, білмедім
жайқала өскен гүл медің?
Миымды торлап алғаны,
күндей боп жайнап күлгенің.