Lyrics: Туракельдиева Лаура Music: Туракельдиева Лаура Өңімде көремін тек Санаусыз бетперде Күлімсіреп, ішімнен мен күйемін Өңіме керегі тек Жарқын бейнелер Түсімдегі елестерге сүйсінем
Мен асығамын сырласу бөлмесіне Дереу кездессем екен деп кейіпкеріммен Оны көзімді жұмғанда көремін Қиял әлемім – Жүрегімді ұрлап алған кейіптің мекені
Қалайша туылды сезімім? Шынайы емесін білемін Түсіне келетін елеспен Кім, қашан кездескен?
Өңімде көремін тек Санаусыз бетперде Күлімсіреп, ішімнен мен күйемін Өңіме керегі тек Жарқын бейнелер Түсімдегі елестерге сүйсінем
Дым ұнамайды бұл жерде Бояғым келеді түрлі түстерге Ешкімді кем санамаймын Күтемін...
Бұл ойымдағы сағым суреттеріме Теңер айналада тапшы кейіп-бейнелер Ізденісімнің соңында пайда жоқ Түс - түлкінің бо... Өз-өзіммен таласымның сөзіне болдым тоқ