Lyrics: Sadraddin Bolat/Рамазан Амантай
Music: Sadraddin Bolat
Қалған оралмас сәттерім
Әдемі әттеңім
Өмір өзіңдей болса ғой
О менің мектебім
Есеюге неге асығып
Асыққан екенмін
Естелік еске түсіп өткен-кеткен
Көңілдің күй-сандығын көп тербеткен
Бақытты балалық шақ
Кеттің бе сәл алыстап
Сендегі тамаша еді көктем неткен
Алғашқы сезім қайда
Мен сүйген қазір қайда
Түспейтін ақ бантик қыз әткеншектен
Сағындым сыныбымның партасында
Ілініп тұрған әлем картасында
Парталас достарым ай бай көңілге
Сол картаның жүрсіңдер қай жерінде
Естелік еске түсіп өткен-кеткен
Көңілдің күй-сандығын көп тербеткен
Бақытты балалық шақ
Кеттің бе сәл алыстап
Сендегі тамаша еді көктем неткен
Алғашқы сезім қайда
Мен сүйген қазір қайда
Түспейтін ақ бантик қыз әткеншектен
Естелік еске түсіп өткен-кеткен
Көңілдің күй-сандығын көп тербеткен
Бақытты балалық шақ
Кеттің бе сәл алыстап
Сендегі тамаша еді көктем неткен
Алғашқы сезім қайда
Мен сүйген қазір қайда
Түспейтін ақ бантик қыз әткеншектен