Lyrics: Тлеужанов Максат
Music: Тлеужанов Максат
Жүрегімді сыйладым,
өтінем, қалтаңа салып қойшы.
Басқа жандар сұраса,
бос емеспін деп айтып қойшы.
Аспандағы толған жұлдыздарға қарап тұрып,
Мен сендікпін мәңгілікке деп,
Уәдеңді беріп қойшы.
Өзіңе ғана беремін уәде,
Жоғалтып алма, өтінем сенен.
Мені есте сақта
Болып бақыт құшағында.
Мен жалғыздықтан енді, жаным, қорықпаймын.
Жылуыңды суықтарда маған сен сыйлайсың.
Қараңғы түні теңізде кемем адасқанда,
Шамшырақ боп жарығыңмен бағыттайсың