…………………
Шақпы су бастау алған тәңіртаудан,
Құлайды адуынгер биік жайдан.
Еркелеп асыр салған балалары,
Қосылар сылқ-сылқ күліп әрбір сайдан.
Шақпымның мінезі бар асау тайдай,
Дәу тастар жолындағы шөккен нардай.
Кеудесін керіп «батыр» жатсадағы,
Тентек су ештеңеге қараған ба-ай!
Шақпы су тәңіртаудың етегі,
жыр дүлдүлі таңжарықтың мекені.
Сенің асау ақ толқының бейне бір,
әз ақынның үні болып жетеді.
Мұжілер қаратас та күннен-күнге,
Асаудың текпісіне шыдай алмай.
Жұлқынып жағасына салады айғай,
Бұлқыңған бесігінде жас баладай.
Асығып анасының құшағына,
Жолына ырыздық шашып кетті аралай.
Кірді де күнес ана бауырына,
Мауқын басты ақыры көңілі жай.
Шақпы су тәңіртаудың етегі,
жыр дүлдүлі таңжарықтың мекені.
Сенің асау ақ толқының бейне бір,
әз ақынның үні болып жетеді.
Шақпы су тәңіртаудың етегі,
жыр дүлдүлі таңжарықтың мекені.
Сенің асау ақ толқының бейне бір,
әз ақынның үні болып жетеді.