Sen Munyndy Ber Magan

Lyrics: Maujat Music: Maujat Arranger: Maujat Жұлдыздарды жолдарыңа жайдың көк Мұңы аз ба қайғысы мол Айдын көп Сен өнердiң адамысың ақынсың Содан болар қуаныштан қайғың көп Тұлпарлардай заулап өмiр ағады Түн мұңайып жұлдыз жанар жанады Бұл өмiрде ғашық іңкәр болдым мен Сол бiр ақын жүрегiне жаралы Жүрегiңнiң мұңжарасын бер маған Жанарыңның мұңналасын бер маған Бал күндердi мен сыйлайын аңсаған Бақытымды айырбастап қайғыңа Махаббатты мәңгi арнайын мен саған Күн шуағын төгiп шашқан ашық көк Мен өзiңдi ұнатамын асық боп Сенiн мұңды жырларыңа қосылып Домбыраңды жылатайын ғашық боп Жанарыңның тұңғиығы тереңде Домбыраңмен әсем сазды бер елге Айырбастап алсам сенiң мұңынды Бақытты жан болмас деймiн менен де Жүрегiңнiң мұңжарасын бер маған Жанарыңның мұңналасын бер маған Бал күндердi мен сыйлайын аңсаған Бақытымды айырбастап қайғыңа Махаббатты мәңгi арнайын мен саған Жүрегiңнiң мұңжарасын бер маған Жанарыңның мұңналасын бер маған Бал күндердi мен сыйлайын аңсаған Бақытымды айырбастап қайғыңа Жүрегiңнiң мұңжарасын бер маған Жанарыңның мұңналасын бер маған Бал күндердi мен сыйлайын аңсаған Бақытымды айырбастап қайғыңа Махаббатты мәңгi арнайын мен саған Махаббатты мәңгi арнайын мен саған