…………
Біреуді сүйесің, бақыт деп қимайтын,
болса да қылығы жүректі тырнайтын.
Мінін де кешіріп пышақпен қырнайтын,
өзгеге жақсы деп мойынды бұрмайсың.
Маңдайға жазғаны осы деп кесесің,
тірлікте бәрін де мойындап өтесің.
Жетуге амалсыз армандар кімде жоқ,
налисың өкініп, тағдырға нетесің,
Өмірің бір өзен ағатын ақ айдын,
уақыт та бір ұры білдірмей жалмайтын,
мәнді ме, мәнсізбе тынымсыз тірлік қой,
үмітпен жетелеп өзіңді алдайтын.
Көңілге қуаныш, өмірге алданыш,
жүректі жұбатар балаңыз балдай тым.
Базарың, бақытың бәрі де солар ғой,
ұрпағың қызығың, өмірді жалғайтын!