Lyrics: Ануар Ғабиден/Тілеужан Уалиев
Music: Ануар Ғабиден/Тілеужан Уалиев
Сен көрінесің — бірінші ғарыштан жерге қараса
Диснейдің өзі сені қайталауға тырысады
«Парасат» деген сөз саған ғана жарасады
Сұлулығың — жай сөз емес, бұл деген нағыз факт
Сені кездестіру — екінің біріне берілмейтін бақ
Басқа жандар — оңай ребус, ол қыз болса — жұмбақ
Күннің өзі сенің жүрегіңе қарап жылынады
Ренжімейді, бірақ жұлынады
Қымбаттым
Біреуі де өзіңе жете алмаған
Біреуі де сендей есте мүлде қалмаған
Сені көріп, түстім бірден шалқадан
Сонда да айтарым саған…
Қасымда бол тағы бір күн
Өзіңмен ғажайып бұл түн
Сиқырлап алатын үнсіз
Керек осы мінез-құлқың
Қасымда бол тағы бір күн
Өзіңмен бәрі де мүмкін
Сенде бар сезімнің кілті
Ашатын жүректің құлпын
Сен туралы айту үшін
Жетпейді, жарамайды жай ғана сөздер
Айтшы, кім суарған гүлсің
Қарайды қызғандырып жағымсыз көздер
Сөз бер “Қасыңда болам” деп
Зұлымдардан қорғайтын Қаһарманың мен
Ммм сүйем, бәрін берем
Армандарға қарай алып кетем
Терезеден түскен күннің сәулесіндей
Жан дүниеміз біздің үнсіз сөйлесуде
Екі тағдыр, екі жүрек
Бір-бірімен күресуде
Сен соны сезесің бе?
Қалауыңды айт, мейлі күн, мейлі ай —
Бәрін сұра
Мен бәріне де шыдаймын
Әр күн бір ғана затты мен сұраймын
Сонда да айтарым саған…
Қасымда бол тағы бір күн
Өзіңмен ғажайып бұл түн
Сиқырлап алатын үнсіз
Керек осы мінез-құлқың
Қасымда бол тағы бір күн
Өзіңмен бәрі де мүмкін
Сенде бар сезімнің кілті
Ашатын жүректің құлпын