Lyrics: De Lacure/Ануар Баймухаев
Music: Ануар Баймуратов
Бір минутта жермен теңсің, міне cancel
Менімен бірге Құдай, ешқайсың керек емессің
Жақындарға бәрібір кім не демесін
Жақсы сөз жарым ырыс немесе үндеме сен
Саған ұнауға міндетті емеспін
Тек қана нағыздарға беремін бесті
Бәрібір түйген ойыңа, мен туралы әңгімелер естіп
Олармен хабарда емеспін, байланысты кестім
Мен енді не істеймін?
Өсегің бес тиын
Сөзіңмен келіспеймін
Дөңгелек рельсте
Деля big foot, қадам теңселістер
Өкпеде егістер, бұл белестерді тегістеп
Күнде бір step жоғары!
Жаным ақ, сондықтан ол кір тартады
Отбасыма жартысы, ініме support сонымен қатар
Жамандық тілегенге, тисін Құдайдан қаһар(Әумин!)
Сүйікті құлдың дұғасынан байқа
Мен бұны өтемін-кетемін
Бәріміз теңбе-тең
Жатып алған өтірікке
Недеген қалың беттер
Мен бұны өтемін-кетемін
Өртеймін дәптер
Қолымдағы қалам оттан
Өртенеді төрт керегең
Кеміргіштер қашты батып жатқан кемеден
Ал мен достарымның бәрін, қиын кезде демегем
Қаралы күні болмасаң, маған келме мерекеде
Бәрін 100 пайыз қабылдаймын, Құдай не жазды шекеге
Cancel! Cancel! Cancel!
Концерттер мен контракт cancel
Алға қойған пландар cancel
6 нөлдік сандар cancel
Өтірік дос малдар cancel
Маған жоламаңдар cancel
Мен беремін сендерге cancel