Lyrics: Joy
Music: Joy
Arranger: Joy
Адасып мен жолымнан жаңылып
Қағылып сан соғылып жүрген едім мен
Білмеп едім мен
Қайда барарым кімнен не сұрарын
Тұрақсыздық болып тұрағым
Жүрген едім мен сүрмеп едім мен
Сол сәтте өзің жолығып келді жылылық
Келді махаббат келді сұлулық
Бәрін өзіңмен ала келдің сен
Нағыз бақыттың дәмін сезінем
Өзің жолығып келді жылылық
Келді ғой сенім келді бір үміт
Бәрін өзіңмен ала келдің сен
Нағыз өмірдің мәнін сезінем
Сүйемін сені сүйемін
Жиырма бесімде мен қалай жетпіс бесімде дәл солай
Сүйемін соған сенем
Сезімдері бір ортаймай ғашықтар жүр ғой бір талай
Тынысым тым тарылып жабығып
Жүрегім де жаралы
жүрген едім мен күлмеп едім
Жалғыз қамығып күтіп едім сарылып
Кең дүниеде тарығып жүрген едім мен сүрмеп едім мен
Сол сәтте өзің жолығып келді жылылық
Келді махаббат келді сұлулық
Бәрін өзіңмен ала келдің сен
Нағыз бақыттың дәмін сезінем
Өзің жолығып келді жылылық
Келді ғой сенім келді бір үміт
Бәрін өзіңмен ала келдің сен
Нағыз өмірдің мәнін сезінем