Lyrics: Бекзат Мухсенов/Арнұр Бегларбеков
Music: Бекзат Мухсенов
Сырғуда
Жақсы күндер
Қыл көпірден тік өтіп кетем, күн түн демей, түк үндеме
Сенің жанымда
Күліп жүргенің керек еді
Мендегі керемет іштегі үміттер үзілмес сонда
Әр бір күн тербетеді, өзіннен алам қуат
Бекер деме ештене, сезімдерім қымбат
Қатып қалған мұнға мұз денемді
Жібітті сендегі ыстық шуақ
Сырым көп, саған көнілім кең
Ал құрбыларың болса қуа-а-ад
Ал құрбыларың қуа-а-д
Ал құрбыларың қуа-а-д
Ал құрбыларың қуа-а-д
Сағынып сені шөлдедім мен, сағынам күліп сөйлегеніңді
Таңырқап кейде қалам тіпті
Сағынышымның көлемінен
Бейнебаяныңның көрерменімін, иісің сіңді көйлегіңнен
Жолдарымды тек өзің жайлы, естірсің менің өлеңімнен
Көз алмай жүрген төменнен кезімде
Түстің төбемнен бақыт боп, енді махаббатымды
Тек өзіңе төгем мен
Ұмыт леп белгі, нүктелеріңді,
Үтіріңді қой сөйлеміме
Себебі - сендей сұлу Жібекке
Керек мендей Төлеген, мен білем
Әр бір күн тербетеді, өзіннен алам қуат
Бекер деме ештене, сезімдерім қымбат.
Қатып қалған мұнға мұз денемді
Жібітті сендегі ыстық шуақ
Сырым көп, саған көнілім кең
Ал құрбыларың болса қуа-а-ад
Ал құрбыларың қуа-а-д
Ал құрбыларың қуа-а-д
Ал құрбыларың қуа-а-д