Lyrics: Майшын Канатов
Music: Майшын Канатов
Жүрек сұрайды неге жанарың толы мұңға
Өкпелеп тұра бермей келші енді құшағыма
Біз күткен бақытты күн бәрі алда
Құлақ салшы мені тыңда
Жастарың неге жаным тамшы боп ұрылуда
Қинама жүрегіңді салмасын сені мұңға
Жүрегім аманатым сен жылама
Аспаннан жұлдыздарды алып берем
Жарқ еткен найзағайдай лезде келем
Дертіңе дауа болсын мендегі өлең
Өлшеусіз махаббатым саған деген
Аспаннан жұлдыздарды алып берем
Жарқ еткен найзағайдай лезде келем
Дертіңе дауа болсын мендегі өлең
Өлшеусіз махаббатым саған деген
Сезім алдайды білем қиналды сендік жүрек
Уақытша бәрі жаным оғанда төзу керек
Бақытты күлкіңді мен көргім келеді
Білемін уақыт керек
Екеуміз армандаған күндердің бәрі алда
Шыдашы аманатым беріліп олай сынба
Өзіңе жазған әнді жаным тыңда