Beker

Lyrics: Dosymkhan Normat Music: Dosymkhan Normat Өмірдің өзі-өтірік, Бай болсаң,мақтар,көпіріп. Өтірік өмір-ажары Ақиқат оның ажалы Түлкі боп заман арбаса, Тазы боп шалып,қайтардым... Заманым менің далбаса, Күшік қып теуді-шаршадым. Бәрінде маска, Сан түрлі басқа, Керек болсада мыңы запаста! Алмастырып, Қарбаласта, Алдап-арбап, Алданған соң өзің қапаста, Қаласың өзің ұқсап топасқа. Сатылып жатыр,ар-ұждан, Ақылда жұрдай намыстан. Ақшасын берсең бәрі арзан, "Айды әперер ғарыштан”. Өтірік өмір-ажары, Ақиқат оның ажалы. Бәрінде маска, Сан түрлі басқа, Керек болсада мыңы запаста! Алмастырып, Қарбаласта, Алдап-арбап, Алданған соң өзің қапаста, Қаласың өзің ұқсап топасқа. Бәрінде маска, сан түрлі басқа, ммм.