Baqyt

Lyrics: Sadraddin Music: Sadraddin Arranger: Sadraddin Басыма бақыт құсы келіп қонсада Іздедім неге оны сонау алыстан Әр күнім,күнде кино өмір сансара Бақытымның кілті қайда екен? Соны іздеп үйден шығып кетем Анда-мында күнде сандалғаным Бос әуре ме екен?-оу Бақыт деген өз үйімде екен Іздегенім дәл қасымда екен Бағасын біл жаныңдағы Жақын адамдардың-оу Жақыным сізге қымбат па? Сізге көңілі қымбат па? Әлде өмірі қымбат па? Көнілді бөлші жақынға Жанына жақында Сүйші оны мақұл ма? Дәл осы қалпында Сүй күнде-күнде кеш батпай Сүйші оны сұратпай Жатарда ұмытпай Түсінем жұмыс бір апта Тіршілік бірақ та Бітпейді мына жақта Бақытымның кілті қайда екен Соны іздеп үйден шығып кетем Анда-мында күнде сандалғаным Бос әуре ме екен?-оу Бақыт деген өз үйімде екен Іздегенім дәл қасымда екен Бағасын біл жаныңдағы Жақын адамдардың-оу