Lyrics: Жұбан Молдағалиев
Music: Ілия Жақанов
Құлпырады дала, гүлдейді орман,
Емізеді егіз Еділ мен Жайық.
Ақ шағала айдын, ақталған арман,
Тербеледі кеме, ойнайды қайық.
А-а-а!
Ағады шалқып,
Аққулары қалқып,
Еділ мен Жайық!
Шырқалады әндер, жан жүрек іңкәр,
Сылқылдайды сұлу Еділ мен Жайық.
Әуелейді адам, самғайды сұңқар,
Шығандарға, шыңға қанатын жайып.
А-а-а!
Ағады шалқып,
Аққулары қалқып,
Еділ мен Жайық!