Lyrics: Aidhn Kitapkali
Music: Aidhn Kitapkali
Терезем ашық
Жәймен жел еседі
Қолымда суреттер
Тәтті естеліктер
Күлімдеп
Тұрған сұлу түріңнен
Жылулық білінген
Әдемі үніңнен
Бұл сәттер есімде әлі
Альбомда сақтаулы бәрі
Күзде де қыс та
Көктем де жазда
Ол көз алдымда
Бұл сурет жаздағы сапар
Бұл сарғайған жапырақтар
Бұл қар жауғанда
Ал бұл бүршік жарғанда
Бәрі бар бұнда
Анда да мұнда
Жылы салқында
Тек сен қасымда
Гүл тердік
Сапарға да үлгердік
Алыс жол өткерген
Бір қойын дәптерде
Жүр кеттік
Қалауымен жүректің
Өмірді гүл еттің
Мен соны жыр еттім