Lyrics: Сатжан Шаменов/МирасКадимурат Music: Сатжан Шаменов/Канат Омаров Отты қанаты бар жұлдыздай жарқырап, жол ашып жұмбақ әлемдерге Қанша уақыт бойы келесің арман, адам мен ғаламды жалғап Жазғы жайлаудағы жауындай тамшылап, тербетіп тәтті әуендермен Аңсап, ғашық болып, сағынғандарға жолығар дәуренің бар ма Жарығыңа қаншама адам қолы жетпей кетті екен Оны бар ма жан санаған ай-хау Жалыныңа қаншама адам жылына алмай өтті екен Ай, дариға-ай-хау Көрген түстей жалған-ай Ай-хау, аққу құстай арман-ай, арман Жанды жадыратып көктемнің күніндей, төге бер мәңгі шуағыңды Мына жүрегімде сен барда әркез көңілім биікке самғар Әркім сағынатын бөктердің гүліндей, тыңдашы менің жыр-әнімді Сірә, бұл өмірде жүрекпен шертер күйімсің бір өзің арман Жарығыңа қаншама адам қолы жетпей кетті екен Оны бар ма жан санаған ай-хау Жалыныңа қаншама адам жылына алмай өтті екен Ай, дариға-ай-хау Көрген түстей жалған-ай Ай-хау, аққу құстай арман-ай, арман (Ай-хау) (Ай-хау) Ай-хау, көрген түстей жалған-ай Ай-хау, аққу құстай арман-ай, арман (Ай-хау)