Lyrics: Бекзат Мухсенов
Music: Бекзат Мухсенов
2 литрына 1300 теңгелік сыра
кешеден қалған тамақ сыймағанда ыдысыңа
терезеңді ашқанда кірген жылы жаздың иісі...
таксиға 5 адам боп отырғанда сыйысып
қисық әп әдемі түзу оралғанда
2 жыл қоймастан шегіп, қоя алғанда
өзіңе дәл шақ келетін әрең табылған шалбар,
жылына бір рет әрең жиналған балдар
шалдар аулада ойнағанда шахмат
жан барда сырыңды алатын қалдыра сақтап
қолыңды алғанда кесіп абайсыздан, ақымақ сен
жан барда ашып бере алатын темір қақпақ
көрінгенде анық боп таңертен тау
жүргенде боп арқаң түзу, желкең сау
дүкенде жаңа піскен нанның үстіне түскенде
шаршап шыққанда жұмыстан істеген түстен бері
іспен де көрсете алғанда мүмкіндіктеріңді
сүйіскенде бірінші рет тигізіп ерінге ерінді
жақының жаныңда болса, әр күн, әр ай, әр апта
табылса досыңда айфонға зарядка, (uh)
ұзақ күткен арманыңа жеткенде,
қалтаңды толтырғанда бес тенге,
келіскенде өзіңмен өзің, өзіңнің сөзің өзіңе бұйрық боп, (uh)
мен айтам: өмір неткен beautiful, beautiful
мен айтам, өмір неткен beautiful, (yeah)
мен айтам, өмір неткен beautiful (uh)
мен айтам: өмір неткен beautiful,beautiful
мен айтам, өмір неткен beautiful, (yeah)
мен айтам, өмір неткен beautiful (uh)