Lyrics: Айсауыт Марат
Music: Айсауыт Марат
Алды-артын аңдамай
Салдарын ойламай,
Ақылдан айнымай
Қулық жүрсе,
Жүрек жұдырықтай
Адалдыққа жарымай
Мұқтаждар күйсе.
Pre chorus:
Күнде тиын-тебен санап,
Қиын өмір, тағдыр сыйы буйырмады.
Бәріміз біргеміз,
Барлығын бірге жеңеміз.
Бәріміз сенеміз, біз біргеміз
Шындық деп жазған
Жалған сөзге толы
Тәтті ЕРТЕГІ -
Берілген серт еді,
Бұл емес керегі.
Ұрланды уақыт, бақыт
Қаншама үміт.
Сеніммен ел күтті
Уәдеңді күдікті.
Несібе иесіне тиесілі,
Жүрмесін артынан киесі ұрып кесірі.
“Менің ішімдегі эго керек дейді cartier,
Villa, mersedes, калсам да мен кәртейіп”
Ұрлық түбі - қорлық, ғаламторда шығады түбінде.
Бетперде кигеннің бәрін алмаңыз күдікке!
Кейде тиісем десең біреуге сөз жетім,
Көз жетті, дертім, кейде келеді елден кеткім.
Бірақ, кейбір құлдар әлі де аш,
Сұрақ: кімде кімге, неге, қандай көзқарас?
Күнде тиын-тебен санап,
Қиын өмір, тағдыр сыйы буйырмады.
Бәріміз біргеміз,
Барлығын бірге жеңеміз.
Бәріміз сенеміз, біз біргеміз
Шындық деп жазған
Жалған сөзге толы
Тәтті ЕРТЕГІ -
Берілген серт еді,
Бұл емес керегі.
Ұрланды уақыт, бақыт
Қаншама үміт.
Сеніммен ел күтті
Уәдеңді күдікті.
Ал мен жалғызбын айналамда ешкім жоқ, өйткені бәрі тоқ!
Mad liar!
Ал мен жалғызбын айналамда ешкім жоқ, өйткені бәрі тоқ!
Бәріміз біргеміз,
Барлығын бірге жеңеміз.
Бәріміз сенеміз, біз біргеміз
Шындық деп жазған
Жалған сөзге толы
Тәтті ЕРТЕГІ -
Берілген серт еді,
Бұл емес керегі.
Ұрланды уақыт, бақыт
Қаншама үміт.
Сеніммен ел күтті
Уәдеңді күдікті.