Four Years

Lyrics: Улан Калдыбай Music: Улан Калдыбай Бұлттар арасында періште секілдісің Икемді ыңғайлы жасаған әрбір ісің Өңіме айналды бүгін түнімен көрген түсім Сені бір көргенде көбейді айтар сөзім Дұрыс түсін. Сырласқым келеді сенімен Барлық қыздарға жазғасын кеткем сенімнен Ақыры қабылдадың шын жүрегіңмен Күнде бардым кездесуге сенің үйіңе Алғашқы махаббат ол шын жақсы көрген адам Осы бір әдемі сөзді кім шығарды деп ойланам Осы ән тура жазылған сен жайлы ботақаным Оның есімі Әсем тыңда тындарманым
Сен үшін әуен жаздым бір күні тыңдатамын Арамаздағы сезімді әлемге таратамын Шынайы сөздермен жүрекке тура атамын Екеуміз бір болсақ тағы арайлап таң атады