Lyrics: Qanat Erlan/Nurzhan Qylysh Music: Talgat Manas Ей бұраң белді аруым Жарқылдаған еткен биің биің сенің қаруың Ей өрт боп лаулап жануың Көзге керек емдеп емдеп алар дәруім
Айналаңда ешкім жоқтай қарамайсың жан жаққа Шыныменен ілесетін бұл ортада мүлде жан жоқпа Танысуға қатар қатар жігіттерің тұр сапта Бұл әлем де сендей сұлуларға арналған заң жоқпа?
Алдайсың,баурайсың айналшықтап қоймайсың Неліктен сен сезіміммен ойнайсың?
Жалғыздықта сен ғана жақынымсың Миымда тек құрайтын асыл мүсін Ақылымнан адастырған аруым ай Сенімен ертегідей әрбір түсім
Болсадағы арамызда мың шақырым Бірге өтейік қиын жолдан ақырын Ақылымнан адастырған аруым ай Болайын тек сенін жазған ақының