Сағынғаның осақпа?

Lyrics: Ғалымжан Дюсенғазин Music: Ғалымжан Дюсенғазин Тағы келем сенің үйіңнің алдына Бір шоқ гүліммен құшақта Кездескенде өзіңді келіп құшақтап Ұшып кеткендеймін ұшақта
Кездесейік тағыда біздер осы апта Келем гүлімді мен құшақтап Бола тұршы жанымда жаным ұзаққа Сағынғаның сонда осақпа
Сезімімді жеткізу үшін Мен әуенге салам Мұңаймай жүруің үшін Көңіліңді табам Нұр бейнеңді көру үшін Мен үйіңе барамын Жаным Дауысыңды есту үшін Мен қоңырау шалам
Қызғанып қалсам өзіңді Ақырын тиісіп қаламын Жаным Бақытты болуым үшін Жетпей тұрсың маған
Қаншама естелік біз туралы Өшпейді жадымда мәңгі тұрады Сол сәттер маған қатты ыстық екен Менің миым қалай оны ұмытады
Қайтып келсе сол бір әттең уақыт Махаббатын бәрін толтыратын Қайтып келсе уақыт, жанды жадыратып Қайтып келсе уақыт