Menimen Bile

Lyrics: Aidana Medenova Music: Aidana Medenova Ұнатамын, Өзгелерден сені қызғанамын бағым. Бар болғаныңа мен қуанамын. Білмейсің бірақ, жүргейсің жырақ, Сағындым.
Сені сүйдім, Ғашық еттің мені қатты - қатты сүйдім. Күндіз түні сені іздеймін. Білмейсің бірақ, жүргейсің жырақ, Сағындым.
Өмірдің мәні - мәні, Тағдырдың бағы - бағы. Жаным-ау бір өзің, Айтамын тағы - тағы.
Өмірдің мәні - мәні, Тағдырдың бағы - бағы. Жаным-ау бір өзің...
Жүрегім лүпілдеп соғады сен деп, Дүрсілдейді сен деп. Сені ғана іздеп, Іздеп сені ол шөлдейді.
Бөленейік бірге, қуанышты күйге. Қысылмашы, сен келші, Меніменен биле - биле... Менімен биле, менімен биле, Меніменен биле - биле... Менімен биле, менімен биле.
Сені мендей, Көздеріңнен шын бақытты көремін мен. Сенемін мен балғын сезімге, Бөлеймін сені, теңеймін сені бағыма...
Сені іздеймін, Тулағанда толқын - толқын теңіздеймін. Тек үзбеймін күдерімді мен. Келерсің бағым, Сезесің бәрін жүрекпен.