Lyrics: 哈萨克民歌 Music: 哈萨克民歌 Осы өмірге лайық отты жағып, жар-жар, Келеді, мыне, екі жас топты жарып, жар-жар. Осы өмірге лайық отты жағып, жар-жар, Келеді, мыне, екі жас топты жарып, жар-жар. Үлкені мен ауылдың жасы мұнда, жар-жар, Жас келінді көруге асығуда, жар-жар. Үлкені мен ауылдың жасы мұнда, жар-жар, Жас келінді көруге асығуда, жар-жар.
Құтты болсын тойларың, замандастар, жар-жар, Жаңалыкқа жар болып, қадам бастар, жар-жар. Құтты болсын тойларың, замандастар, жар-жар, Жаңалыкқа жар болып, қадам бастар, жар-жар. Бірге аттаған босаға берік болсын, жар-жар, Үйлеріңе құт-бақыт келіп қонсын, жар-жар. Бірге аттаған босаға берік болсын, жар-жар, Үйлеріңе құт-бақыт келіп қонсын, жар-жар.
Күндей күліп көктемгі көңілдерің, жар-жар, Қызғалдақтай құлпырсын өмірлерің, жар-жар. Күндей күліп көктемгі көңілдерің, жар-жар, Қызғалдақтай құлпырсын өмірлерің, жар-жар. Туған айдай толықсып толыңыздар, жар-жар, Жаңа өмірдің жаршысы болыңыздар, жар-жар. Туған айдай толықсып толыңыздар, жар-жар, Жаңа өмірдің жаршысы болыңыздар, жар-жар.