365 күн

Lyrics: Рахымжан Рамазан Music: Рахымжан Рамазан Бақытты күнді сенімен кештім, Қорықпа арамызға кіре алмайды ешкім. Адалмын саған жалған емеспін Жарығым жаныңдамын 365 күн.
Болайық тату тәтті қайталанбайды бұл сәт Жаным-ау қол ұстасып бірге болсақ…
Жарасамыз екеуміз де тым әдемі, Қуантамын 12 ай жылда сені. Бақытты етем аптаның 7 күнінде, Сол үшін тыңда мені, ақылдым тыңда мені!
Саған ғана шынайы әндерімді жолдағам, Қуанғаның еркелеп ұнайды ғой сол маған. Тіршіліктен босайын кездесулер жасаймын, Өміріңде бұрын-соңды болмаған.
Болайық тату тәтті қайталанбайды бұл сәт, Жаным-ау қол ұстасып бірге болсақ…
Жарасамыз екеуміз де тым әдемі, Қуантамын 12 ай жылда сені. Бақытты етем аптаның 7 күнінде, Сол үшін тыңда мені, ақылдым тыңда мені!