苏鲁拜 伴奏

Lyrics: ㅤ/苏鲁拜 Music: ㅤ Атымды Сұлубай деп әкем қойған, Руым Жәнтекейдей ортаны ойған-ай. Секпілтай, Шаңқан, Тұрғынды-ай, Сағындым қалған құрбымды-ай. Жазықсыз жауым мені қойдың қамап, Кетпейді бұл қорлығың әсте ойдан-ай. Шіңгілдің мөлдір суындай, Деп салған әнім Сұлубай! Астымда алқоңырым желмедің ғой, Құдайым сұрағанды бермедің ғой-ай. Былғары белдік, бұраңбел, Бұрылар ма екен біздің ел?! Талпынып қанша қанат қаққанменен, Қысқа жіп күрмеуіме келмедің ғой-ай. Қайқая шапқан қарагер, Қайрылар ма екен қайран ел? Басында мәуесі жоқ қу қайыңның, Жігітке пайдасы жоқ уайымның-ай. Секпілтай, Шаңқан, Тұрғынды-ай, Сағындым қалған құрбымды-ай. Сан жердің дәмін таттым, суын іштім, Білмеймін қайда аларын құдайымның-ай?! Шіңгілдің мөлдір суындай, Деп салған әнім Сұлубай. Қонаққа қой сояды лақ тұрып, Құдықтан су ішпейді бұлақ тұрып-ай. Былғары белдік, бұраңбел, Бұрылар ма екен біздің ел?! Сұлубай елін қимай, жерін қимай, Қоштасқан әні осы жылап тұрып-ай. Қайқая шапкан қарагер, Қайрылар ма екен қайран ел?!