Lyrics: Maujat
Music: Maujat
Arranger: Maujat
Umyttyń ba?
Басқаларды көзім мүлде көрмей
Мүлде көрмей келемін
Естігім келмейді дауыстарын
Дауыстарын өзгенің
Жылулық силап жүр мекен
Гүлін берген өзгенің
Айтшы қалай қызғанбаймын?
Айтшы қалай төземін?
Мені ұмыттың ба жүрегімнің жартысы
Ал мен қайтқым келед сол айға
Қара жерден мықты жүрегіңнің тартысы
Сені ұмытуым оңай ма
Әлде еске алып тұрасың ба түндерде
Біз тыңдайтын әндерге салып
Орынымды жүректегі босаттың кімге
Менің атым өткенде қалып
Қараған көздерің емдейді мені
Ол жоғары деңгейдегі меди сені
Бас фанатын болып кеттім сенің
Алыста жүрсің жүрегімді қинап
Қазыр қайдасың, кімнің жанында?
Араласпа десенде түсінем
Ия қызғаныш бар менің қанымда
Ол да саған ұнамады білем
Ол менен де жақсырақ
Жүрегімде көп сұрақ
Қоюға да бата алмай
Айтқым келеді бірақ
Ұмытқандай түрменен
Сағынамын түнде мен
Түнде мен
Мені ұмыттың ба жүрегімнің жартысы
Ал мен қайтқым келед сол айға
Қара жерден мықты жүрегіңнің тартысы
Сені ұмытуым оңай ма
Әлде еске алып тұрасың ба түндерде
Біз тыңдайтын әндерге салып
Орынымды жүректегі босаттың кімге
Менің атым өткенде қалып