Tamshylar (Yeski Taspa)

Lyrics: Өтеген Күмісбаев Music: Аманжол Есмұқанов Түніменен, түніменен Тереземді тамшы ұрды Түніменен, айтып жатты Жан сырды, жан сырды Түніменен, түніменен Өзің жайлы түс көріп Жұмыр басқа мазасыз ой Сан кірді, сан кірді Тереземді ұрмаңдаршы тамшылар Тереземді ұрмаңдаршы тамшылар Кірпігімнен, кірпігімнен Құлап жатты тамшылар Бәз біреулер бұған сірә Таң шығар, таң шығар Сені аңсаған, сені аңсаған Көңілімде еріген Аңсаулардың моншағы да Бар шығар, бар шығар Тереземді ұрмаңдаршы тамшылар Тереземді ұрмаңдаршы тамшылар Іздейсің сен, іздеп жүрсің сабыла Жанарыңнан арман оты жағыла Өз жүрегің өз кеудеңе сыймастай Ұйықтай алмай шықтың ба әлде сабылып Іздейсің сен, іздеп жүрсің сабыла Жанарыңнан арман оты жағыла Өз жүрегің өз кеудеңе сыймастай Ұйықтай алмай шықтың ба әлде сабылып Тереземді ұрмаңдаршы тамшылар Тереземді ұрмаңдаршы тамшылар