SEN GANA

Lyrics: Tleuzhan Uali Music: Tleuzhan Uali Менде бәрі бар екенін білсем де Бақытты болып, ыржиып күлсем де Білесің бе, не жетпегенін? Тек сен ғана! Тек сен ғана! Мотивация YouTube-тан алсам да, көзім тұрмақ, өзім жансам да Білесің бе, не жетпегенін? Тек сен ғана! Тек сен ғана! Сезім Жапонияның тоқтарындай Сездірмегенше мүлде тоқтай алмайм (-ын) Атып бітірмегенше оқтай алмайм (-ын) Бізде шайқас болса да, боқтай алмайм (-ын) Сұр көздеріме жақ шам Сенің күлкіңе құртылады ақшам Мені ұмытпау үшін TikTok-тың «рек»-іне шығам Бүгінде ұшам, мен тігінен ұшам Сөгілем бермесе шанс Жаныңдамын біткенше жан Қайда болсам да – бірінші план Қалғандар болса – жай фон Сұлулығыңды бере алмайды iPhone Жаныңда болсам – айналам балаға Саған да керегі тек мен ғана ма? (Сен ғана) жан дүниемді шынымен білетін (Сен ғана) өтпейтін әзілдеріме күлетін (Сен ғана) сен ғана маған керегі (Сен ғана) Сен! Сен! Сен!