Lyrics: Альмира Тлеужанова
Music: Aldiyar Maulit
Бұл кіршіксіз махаббаттың
Бағасы жоқ, білемін
Бағытыма жол салатын
Тілек берген тірегім
Сезім ыстық ұясында
Қайта жанған үмітім
Сенімдердің аясында
Жүрегімді жылытты
Ән-әуенім
Қуанышқа толы кеудемнің
Жалынын махаббат жақты
Көңілім өз орнын тапты
Ән-әуенім
Қуанышқа толы кеудемнің
Жалынын махаббат жақты
Көңілім өз орнын тапты
Қиялыма арман құшып
Шабытыма Жан келді
Үлкен бақыт бұл мен үшін
Жылу бойыма енді
Жанарымның жалыны атқан
Алдамайды көздерім
Әр қадамды анық бассам
Демеу берген сөздерің
Ән-әуенім
Қуанышқа толы кеудемнің
Жалынын махаббат жақты
Көңілім өз орнын тапты
Ән-әуенім
Қуанышқа толы кеудемнің
Жалынын махаббат жақты
Көңілім өз орнын тапты