……………………
Шақпы су бастау алған тәңіртаудан,
Құлайды адуінгер биік жайдан.
Еркелеп асыр салған балалары,
Қосылар сылқ-сылқ күліп әрбір сайдан.
Шақпымның мінезі бар асау тайдай,
Дәу тастар жолындағы шөккен нардай.
Кеудесін керіп «батыр» жатсадағы,
Тентек су ештеңеге қараған ба-ай!
Мұжілер қаратас та күннен-күнге,
Асаудың текпісіне шыдай алмай.
Жұлқынып жағасына салады айғай,
Бұлқыңған бесігінде жас баладай.
Асығып анасының құшағына,
Жолына ырыздық шашып кетті аралай.
Кірді де күнес ана бауырына,
Мауқын басты ақыры көңілі жай.