Lyrics: Узакбай Жалгас Абдикеримулы
Music: Узакбай Жалгас Абдикеримулы
Сағым, болдың жаным,
Тағзым қылдым, тағатсыз сезімге.
Барым, аңсар әнім,
Қаным сыймай, шарасыз кезімде.
Сағынышым сарғайтып,
Мен де қандай бар айып?…
Жылу іздеп іздерден,
Қалған жүрек қарайып…
Мен де қандай бар кінә?…
Сүйгенім бе ант ұра…
Құшағыма сыйғанмен,
Сыймай қойдың тағдырға!
Білемін, махаббат сұм бір майдан,
Қайдан, тап болдың, Қозы ғашық Баян.
Болдым, жетпеген қолы алқа тағып айдан…
Сүремін, сүйгенім сен деп ғұмыр,
Тұғыр, таңба болдың тым бұлыңғыр.
Жұмыр, ғашық болмас енді жүрек құрғыр…