Ket

Lyrics: Туракельдиева Лаура Music: Туракельдиева Лаура Көңілімнің бағын таптап Кетіп ең бір өкінішсіз Ілдің соншама құлаққа Әр сөзіңе сеніп Айтқаныңа еріп Жүрген бір ақымақпын Неге Жұмсадың текке Уақытымды
Кет, кет, маған керек емессің Серттен қашқан неткен еркексің Менде бәрі жақсы болады Ал сен кет, кет
Есіме алып анда-санда Сезімге толы кездерді Сені жақтауды қоямын ба? Шаршадым ерегіскеннен Естелікке сені сақтап Қоямын мұң сандығында Есігін жабамын құлыптап
Сен іздеген ертегі бола алмадым Сен көздеген ертеңім - құл алаңы Өзіме сенбестен сөзіңе мың алдандым Риза бол! Бұл әнді саған арнадым
Кет, кет, маған керек емессің Серттен қашқан неткен еркексің Менде бәрі жақсы болады Ал сен кет, кет
Қайта жалғанған сынық бүтін болмас Майда болса да жырығы оның. Тас Қараңғыда сезіледі сенің қас- Қабағыңның алдауға дайыны. Рас...
Күрсініп кір сіңген затқа не пайда Күлкісінен білінеді бұл айла Осы сәтте өзің жайлы бір ойла Тым тәтті сөйлегеннен абайлармын
Көңілімнің бағын таптап Кетіп ең бір өкінішсіз Ілдің соншама құлаққа Әр сөзіңе сеніп Айтқаныңа еріп Жүрген бір ақымақпын Неге Жұмсадың текке Уақытымды
Кет, кет, маған керек емессің Серттен қашқан неткен еркексің Менде бәрі жақсы болады Ал сен кет, кет